-
Орта білім беру ұйымдарында сапаны басқарудың метакогнитивтік стратегиялары
Бұл әдістемелік құрал орта білім беру ұйымдарының басшылары, басшы
орынбасарлары және әдіскерлерге арналған.
Әдістемелік құралда орта білім беру ұйымдарында сапаны басқаруда
метакогнитивтік стратегияларды қолданудың тиімді амалдары сипатталады
және тәжірибелік тұрғыдан негізделеді.
Әдістемелік құрал орта білім беру ұйымдарының басшылары, басшы
орынбасарлары және әдіскерлердің басқарудағы метакогнитивтік амал
негіздерін жүйелі түсіну, тәжірибелік дағдыларын дамытуды қалыптастыруға
бағытталған -
Үш өлшемді кеңістіктегі геометрия: стереометрияның негізгі мәселелері
Авторлық бағдарлама стереометрияның негізгі мәселелерін оқушыларға түсіндіру мен оларды практикалық тұрғыда қолдануға арналған. Бағдарлама стереометрияны тек мектептегі/колледждегі оқыту процесі ретінде ғана емес, сонымен бірге оны нақты өмірде қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталған. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигураларды түсініп, оларды шешуде қажетті дағдыларды игереді, бұл олардың математикаға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.


