-
Оқытуда қолданылатын әдістер
Әдістемелік құралда педагогика ғылымының құрылымы мен мазмұны, негізгі көзқарастар (аксиологиялық, мәдениетке сәйкестік, жүйелілік және т.б), педагогиканы оқыту технологиясы тұлғалық-бағдарлы парадигма негізінде талданған. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы, педагогиканың шығуы және дамуы, педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері, колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері туралы мағлұмат келтірілген.
-
Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру
Әдістемелік ұсыныс ел экономикасы үшін қажетті техникалық және технологиялық мамандықтардың басымдылығын ескере отырып, лицейлерде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған теориялық және практикалық материалдар қарастырылған. Әдістемелік ұсыныс білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарларына, кәсіптік бағдар берушілерге, сынып жетекшілеріне және т. б. арналған.