-
Биология негіздері
«Биология негіздері» элективті курсының негізгі идеясы: биология негіздерін зерттеу, атап айтқанда биологияны біріктіретін бес принципті негізге алып зерттеу. Оқушылар эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбеюі мен дамуы туралы білімді меңгереді.
-
Асыл сөздер
Курс бағдарламасы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі асыл сөздер арқылы, оқушының рухани – эстетикалық талғамын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушыларды ұлтымыздың бай ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқытуға, көркемдік-эстетикалық талғамы мен тіл байлығын арттыруға, шешендікке баулуға бағытталған.