-
Мәдени мұра
«Мәдени мұра» қолданбалы курсының бағдарламасы 10-сыныптағы Қазақстан тарихы оқулығының негізінде құрастырылған және оқушылардың тарих пәнінен білімін тереңдетіп зерделеуге арналған бағдарламалық материалды қамтиды. Курс мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы негізінде жасалған.
-
Химиядан эксперименттік есептерді шешу
Авторлық бағдарлама мектептегі химия курсында эксперименттік есептерді шешу арқылы химиялық ұғымдарды түсінуді тереңдету, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуды көздейді. Бағдарламаның мазмұны: Эксперименттік есептердің негізгі түрлері, оларды шешу әдістері және практикалық мысалдарды қамтиды.